...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда Габдуллин көшесінің бір бөлігі жөндеуге байланысты уақытша жабылады

Алматыда Габдуллин көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетіндіктен, қозғалысқа уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

5 маусым сағат 08:00-ден 6 маусым сағат 06:00-ге дейін Байзақов көшесінен Манас көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс толығымен жабылады.

Жөнделіп жатқан учаскелерде ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген стендтер орнатылады. Қала тұрғындарынан маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Еске салайық, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және Яндекс карталар сервистерінде орналастырылған.

Дереккөз: Almaty.tv