
Алматыда заңсыз нысандарды анықтау және бұзу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Бұзушылықтар Төле би көшесі, 293/1 мекенжайында анықталды. Алматы қалалық құрылыс бақылау басқармасының мәліметінше, жалпы пайдалану аумағында заңсыз құрылыс орналастырылып, онда қоғамдық тамақтану саласында қызмет көрсетілген.
Бұзушылық анықталғаннан кейін басқарма қызметкерлері меншік иесімен нысанды заң талаптарына сәйкес келтіру қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде меншік иесі заңсыз салынған құрылысты өз еркімен бұзды.
Басқарма қала құрылысы нормаларын сақтау және құрылысты тек қажетті рұқсат құжаттары болған кезде жүргізу қажеттігін еске салды.
Бұған дейін Алматы орталығында дүкенге қосымша құрылыс бұзылған болатын.
Дереккөз: Inform.kz