
Алматыдағы Байзақов көшесінен Манас көшесіне дейінгі жол учаскесі 5 маусым сағат 08:00-ден 6 маусым сағат 06:00-ге дейін жабылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Almaty_Joly Telegram-арнасының мәліметінше, жөнделіп жатқан учаскелерде ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген стендтер орнатылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге маршрутты алдын ала жоспарлау ұсынылады.
Дереккөз: Zakon.kz