
Алматыда Жетісу ауданында қызмет атқарып жүрген полицейлерге Kia маркалы көліктің жүргізушісі жүгініп, артқы орындықтағы жолаушының тапанша тәрізді затпен қорқытып, оны Алматы облысының елді мекендерінің біріне апаруды талап еткенін хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Полиция департаментінің Instagram-парақшасында хабарланғандай, шетелдік азамат көліктен жүгіріп шығып, Солтүстік айналма көшесіндегі полиция экипажына жүгінген. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары көлікті дереу бұғаттап, күдіктіні ұстаған. Тінту кезінде жолаушыдан ойыншық тапанша тәрізді зат алынған. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Айта кетерлігі, ұстау кезінде жол апаты болды: өтіп бара жатқан көліктердің бірінің жүргізушісі болып жатқан оқиғаға алаңдап, такси көлігімен соқтығысқан», — деп толықтырды Алматы ПД.
Полиция жолдағы жағдайға қарамастан, сақтықты жоғалтпай, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады.
Дереккөз: Nur.kz