...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматы ботаникалық бағында «парик ағашы» гүлдеді: сирек өсімдіктің ерекшелігі

Алматыдағы Бас ботаникалық бақта скумпия кожевенная (Cotinus coggygria Scop.), яғни «парик ағашы» аталып кеткен өсімдік гүлдеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Бұл – Анакардиевтер (Anacardiaceae) тұқымдасына жататын, қатты бұтақталған жапырақ тастайтын бұта немесе кішкентай ағаш. Табиғатта Батыс Еуропада, Балқан түбегінде, Түркияда, Кавказда, Қытай мен Үндістанда кездеседі.

Өсімдік өзінің бейресми атауын ерекше гүлшоғырына байланысты алған. Скумпияның басты ерекшелігі – шашақ тәрізді гүлшоғыры гүлдегеннен кейін әуедей үлпілдек бұлтқа айналып, парикке ұқсайды. Жазда өсімдік жеңіл тұманмен көмкерілгендей көрінсе, күзде жапырақтары сарыдан қанық қызылға дейін өзгереді.

Сәндік қасиетінен бөлек, өсімдіктің практикалық маңызы да зор. Жапырақтарында табиғи бояғыш физетин бар, ол маталарды сары және қызғылт-сары реңктерге бояу үшін қолданылады. Скумпияның ағашы беріктігімен және шірікке төзімділігімен ерекшеленеді, ал құрамындағы илік заттардың көп болуы оны тері өңдеу өнеркәсібі үшін бағалы шикізатқа айналдырады.

Халықтық медицинада өсімдіктің әртүрлі бөліктері қолданылады. Айта кетейік, Қазақстанда отандық емдік шөптер негізінде табиғи биологиялық белсенді қоспалар әзірленуде.

Дереккөз: Inform.kz