
Венгрияның Эгер қаласында World Boxing халықаралық федерациясының эгидасымен өткен дәстүрлі «Борнемисса Иштван мемориалы» (Bornemissza Gergely) халықаралық бокс турнирі мәреге жетті. Байрақты бәсекеге әлемнің 24 елінен 500-ден астам спортшы қатысты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қорытынды бойынша Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы (U-19) жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленіп, 15 медаль – 6 алтын, 6 күміс және 3 қоланы еншіледі. Ұлттық команданың бас бапкері, олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев турнирдің үздік жаттықтырушысы деп танылды.
Қазақстан құрамасының табысына Алматы қаласының спортшылары елеулі үлес қосты. Салмағы 50 келіге дейінгі санатта Әділ Асқанбай жеңімпаз атанды. 90 келіге дейінгі салмақта Еркетан Жарқынбек күміс жүлдегер болса, 55 келіге дейінгі салмақта Едіге Нұрғожа қола жүлдеге ие болды.
Дереккөз: Almaty.tv