
Медеу ауданында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы және алкоголь ішу фактілері анықталды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Бірқатар мекеменің иелері мен қызметкерлері кәмелетке толмағандарды кіргізгені және алкоголь өнімдерін сату ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, үш ойын-сауық мекемесінің қызметі тоқтатылды.
Жасөспірімдердің ата-аналары да бала тәрбиесі мен бақылауға тиісінше көңіл бөлмегені үшін жауапқа тартылды.
Алматы полициясының мәліметінше, мұндай бұзушылықтарды анықтау жұмыстары жалғасады. Медеу ауданы полиция басқармасының басшысы Жәнібек Шынасиловтың айтуынша, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы олардың қауіпсіздігіне қатер төндіреді және құқық қорғау органдарының ерекше бақылауында.
Дереккөз: Inform.kz