...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Күн сайын 400 мың көлік Алматыға кіреді: Тоқаев Skytrain жобасын жеделдетуді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, өңір билігі мен бизнес-қоғамдастық Алатау қаласының Алматыға жақындығы олардың арасындағы сауда-экономикалық және көлік-логистикалық байланыстарды айтарлықтай кеңейтуге үлкен мүмкіндік беретінін түсінуі керек, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Осы мәселені шешу үшін ол Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдеріне «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, биылғы жылдың 1 тамызына дейін Skytrain желілерін қала шекарасынан шығыс және батыс бағыттарында салу жобасының барлық аспектілерін пысықтауды тапсырды.

Кеңес барысында ол халықтың еліміздің ірі қалаларына қоныс аударуына себеп болатын мәселені де атады.

Дереккөз: Zakon.kz