
Польшаның LOT Polish Airlines әуекомпаниясы 1 маусымнан бастап Варшава – Алматы бағытында тұрақты жолаушылар рейсін бастады. Рейстер аптасына төрт рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма, жексенбі) Boeing 737 MAX ұшақтарымен орындалады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қазақстан мен Польша арасындағы рейстер саны екі бағыт бойынша аптасына сегізге жетті. Қазіргі уақытта LOT Polish Airlines Астана – Варшава бағытында да аптасына төрт рейс орындайды.
Қазақстан мен Польшаның авиациялық билігі Атырау – Варшава – Атырау бағытын ашу туралы келісімге қол жеткізді, – деп хабарлады Көлік министрлігі.
Жаңа бағыт Қазақстан мен Польша арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.
Дереккөз: Nur.kz