
Алматы эксплуатациялық вагон депосы филиалының директоры Аманбаев ерекше ірі мөлшерде – 110 000 000 теңге пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Бұл ақпаратқа байланысты «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады. Сонымен қатар Алматы эксплуатациялық вагон депосында компанияның комплаенс-қызметі басқарған комиссия ішкі тексеру жүргізіп жатыр.
«Алматы эксплуатациялық вагон депосы» (ВЧД-25) – «КТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС (ҚТЖ ҰК АҚ еншілес ұйымы) құрылымдық бөлімшесі (филиалы).
Бұған дейін Өскеменде сот кәсіпкер әрі депутат Дмитрий Сомовқа мемлекеттік қызметшіге пара бергені үшін үкім шығарған болатын.
Дереккөз: Zakon.kz