
Польшаның LOT Polish Airlines әуекомпаниясы 2026 жылдың 1 маусымынан бастап Варшава – Алматы бағытында тұрақты жолаушылар рейстерін орындайды. Рейстер аптасына 4 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі) Boeing 737 MAX ұшақтарымен жүзеге асырылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Жаңа бағыттың ашылуымен Қазақстан мен Польша арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 8-ге жетті. Бұған дейін LOT Polish Airlines Астана – Варшава бағытында аптасына 4 рейс орындап келген. Сонымен қатар, Қазақстан мен Польша авиациялық билігі Атырау – Варшава – Атырау бағытын ашу туралы келісімге қол жеткізді.
19 мамыр 2026 жылы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев авиабилеттер бағасының өсуі мүмкіндігін түсіндірді.
Дереккөз: Zakon.kz