
UFC жеңіл салмақ дәрежесінің бұрынғы чемпионы, MMA-ның ең көрнекті файтерлерінің бірі Энтони Петтис Алматыға ұшып келді. Оңтүстік астанада спортшы турнирді басқарады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Петтис Instagram-дағы Stories бөлімінде Алматыға келген сәттерді көрсетті. Ол ұшақтан түскен фотоны: «Қазақстанда жекпе-жек өткізу үшін әлемнің түкпірінен ұштым», – деп жазды.
Әуежайда файтерді жанкүйерлер күтіп алып, суретке түсті. Сондай-ақ қонақты балалар домбырашылар ансамблі күтіп, бірнеше күй орындады.
«Қазақстанда жекпе-жек өткізу үшін әлемнің түкпірінен ұштым», – деді Петтис.
Orda Global Fights лигасы Instagram-да файтердің келген сәттерімен бөлісті. Петтис пен оның командасын қымыз, бауырсақпен сыйлап, қазақстандық шоколад плиткасын сыйға тартты.
6 маусымда Энтони Петтис пен Әділ Боранбаев «Алматы Аренада» өтетін Orda Global Fights промоутерлік турнирін басқарады.
Дереккөз: Nur.kz