...
... Алматы
USD
EUR
RUB

«БАЛА ӘЛЕМІ»: Алматыда Балаларды қорғау күніне орай мыңдаған адам жиналды

1 маусымда Алматыдағы Орталық саябақта Балаларды қорғау күніне арналған «БАЛА ӘЛЕМІ» қалалық мерекелік шарасы өтті. Мыңдаған тұрғын концерттік бағдарламаны тамашалады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Бас қойылымға Қазақстан эстрада жұлдыздары, жас таланттар мен арнайы қонақтар қатысты. Халық әртісі Нагима Ескалиева мен Диас Аблаев, сондай-ақ «BOZTORGAI» халықаралық байқауының сахнасынан шыққан Əmre, Kyle Ruh, Ayree және Alem өнер көрсетті.

Шетелдік қонақтар – Болгариядан келген жас жұлдыз Виктория Илиева және «Славян базары – 2013» Гран-при иегері, польшалық композитор әрі әнші Михал Качмарик те сахнаға шықты. Качмарик 2 маусымда осы сахнада басталатын «BOZTORGAI-2026» халықаралық байқауының қазылар алқасына қатысады.

Концертті республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Акерке Амалят, Мирас Нагашыбай, Жасмин Тузелова, Дастан Турдалы, сондай-ақ Алматының үздік балалар вокалдық студиялары, шығармашылық мектептері мен би ұжымдары безендірді.

Шараның ерекшелігі – виртуалды жүргізуші AI-сулудың қатысуы. Қазақстандағы Жасанды интеллект жылы аясында ол концертті қызықты деректермен, ерекше ақпараттармен және түсіндірмелермен сүйемелдеп, заманауи технология мен шығармашылық диалогын жасады.

Күні бойы балалар мен ата-аналарға арналған тақырыптық алаңдар жұмыс істеді: «Қайрат – чемпион!» футбол аймағы, «Шахмат корольдігі» интеллектуалды алаңы, суретшілердің шығармашылық аллеясы, «Ұлы даланың жаңғырығы» музыкалық бағдарламасы және қазақ ұлттық музыкалық аспаптарының интерактивті алаңы.

Жүздеген бала байқауларға, шеберлік сабақтарына, спорттық жарыстар мен шығармашылық іс-шараларға қатысты.

Дереккөз: Almaty.tv