...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда жол жөндеуге байланысты екі автобус бағыты өзгереді

Алматыда 2 маусымнан бастап жол жөндеу жұмыстарына байланысты екі автобус бағытының қозғалыс схемасы өзгереді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Искендиров көшесінің Қажымұқан көшесінен Әзербаев көшесіне дейінгі бөлігінде орташа жөндеу жүргізілуіне және 2 маусымнан бастап уақытша шектеулер енгізілуіне байланысты №2 және №48 маршруттардың қозғалыс схемалары уақытша өзгереді.

Сонымен қатар, Даулеткерей көшесінің Жандосов көшесінен Әбділдин көшесіне дейінгі бөлігінде асфальтбетон жабыны төселгеннен кейін 2 маусымнан бастап №44, №50 және №250 маршруттар бұрынғы қозғалыс схемаларына қайтады.

Еске салайық, 30 мамырдан бастап Алматыда жолдың бірнеше учаскесіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты №237, №44, №50, №250 маршруттардың қозғалыс схемалары уақытша өзгерген болатын.

• Кері бағытта: Жамақаев көшесі – Әл-Фараби даңғылы – Назарбаев даңғылы – әрі қарай схема бойынша.
• Оңтүстік бағытта: Достық даңғылы – Сәтбаев көшесі – Сейфуллин даңғылы – Алдар Көсе көшесі – Жамақаев көшесі – әрі қарай соңғы аялдамаға дейін.
• Кері бағытта: Жамақаев көшесі – Әл-Фараби даңғылы – Назарбаев даңғылы – әрі қарай схема бойынша.

Дереккөз: Inform.kz