...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Бүкіл ел іздеген Chevrolet-ді Алматыда патруль тоқтатты: не болды?

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі Алмалы ауданында патрульдік «Буран 219» экипажы Chevrolet маркалы автокөлікті тоқтатқанын хабарлады. Тексеру барысында бұл машина республикалық деңгейде іздеуде жүргені анықталды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Полиция қызметкерлері күдікті көлікті жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін тоқтатқан. Деректер базасын тексеру кезінде Chevrolet-тің республика бойынша іздеуде екені белгілі болды. Қазіргі уақытта көлік тұраққа қойылып, тексеру жүргізілуде.

Дереккөз: Zakon.kz