
31 мамырдан бастап Алматыдан Польша астанасы Варшаваға тікелей әуе рейстері іске қосылады. Ұшулар аптасына төрт рет орындалады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Әкімдіктің мәліметінше, жаңа бағытты Польшаның ұлттық тасымалдаушысы LOT Polish Airlines компаниясы ашады. Рейстер заманауи Boeing 737 MAX ұшақтарымен жүзеге асырылады.
Бағытты іске қосу аясында 1 маусымда Алматыға поляк туроператорлары мен тревел-блогерлерінің делегациясы келеді. Қонақтар үшін қаламен танысудың қызықты бағдарламасы дайындалған: басты көрікті жерлер мен заманауи туристік инфрақұрылымнан бастап гастрономиялық орындар мен Іле Алатауы тауларындағы демалысқа дейін. Сондай-ақ поляк туризм өкілдері алматылық туроператорлармен және бизнес-қоғамдастықпен кездесіп, бірлескен жобалар мен әріптестік перспективаларын талқылайды, — деп атап өтті әкімдікте.
Дереккөз: Nur.kz