
Алматыда 30 мамырдан бастап бірнеше көшедегі жөндеу жұмыстарына байланысты автобус маршруттарының қозғалыс схемасы уақытша өзгереді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Облыстық маңызы бар «Алмалыбақ — Жетісу» автомобиль жолында жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты №237 маршруттың қозғалыс схемасы жөндеу жұмыстары аяқталғанша уақытша өзгереді.
Сондай-ақ 30 мамырдан бастап Даулеткерей көшесінде асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстарына байланысты №44, №50, №250 маршруттарының схемасы уақытша өзгереді.
Оған қоса, 30 мамырдан бастап Алматы-1 — Шамалған станциясы — Ұзынағаш (Сорбұлақ тракты) жолында күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты №81 маршруттың қозғалыс схемасы жұмыстар аяқталғанша уақытша өзгереді.
Еске салайық, жұма күнінен бастап Алматыда жол жұмыстарына байланысты 7 маршруттың схемасы өзгерген болатын.
Өзгерістерге сәйкес, №237 маршрут кері бағытта: Шобалова көшесі — Сорбұлақ тракты — Көпірге кіру — М-36 трассасы — Достық көшесі — Сұлусай көшесі — әрі қарай бұрынғы схемамен жүреді.
№44 маршрут оңтүстік бағытта: Бекешева көшесі — Жандосова көшесі — әрі қарай бұрынғы схемамен; кері бағытта: Жандосова көшесі — Бекешева көшесі — әрі қарай бұрынғы схемамен жүреді.
№50 маршрут оңтүстік бағытта: Әбділдин көшесі — Бекешева көшесі — Жандосова көшесі — әрі қарай бұрынғы схемамен; кері бағытта өзгеріссіз қалады.
№250 маршрут батыс бағытта: Әбділдин көшесі — Бекешева көшесі — Жандосова көшесі — әрі қарай бұрынғы схемамен; шығыс бағытта: Жандосова көшесі — Бекешева көшесі — Әбділдин көшесі — әрі қарай бұрынғы схемамен жүреді.
№81 маршрут солтүстік бағытта: Аруана көшесі — Сорбұлақ тракты — соңғы аялдамаға дейін (Аруана көшесі); кері бағытта: соңғы аялдамадан (Аруана көшесі) — Сорбұлақ тракты — Саина көшесі — әрі қарай бұрынғы схемамен жүреді.
Дереккөз: Inform.kz