
Алматы тұрғыны 34-ші автобуста масаң күйдегі жолаушы өзіне қол сұққанын айтып, желіде дау көтерді. Оқиға бойынша полиция тексеріс бастады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Aturganbekova2024 логинімен қазақстандық қыз Threads парақшасында 34-ші автобуста мас ер адам оған «Сүйісейік» деп қол сұққанын жазды. Ол алдымен қызға келіп, «Оқу бітті ме? Сүйісейік» деген, содан кейін басқа жолаушыға ауысып, сұрамай-ақ сөмкесін оның тізесіне қойған.
«Артта отырған жігіт шыдамай, оны орнынан тұрып бос орынға отыруды бұйырды. Қыз аялдамада түскенде, ол да дереу артынан шықты», — деп жазды ол.
Алматы қалалық полиция департаменті бұл факті бойынша шағым түспегенін, алайда тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Дереккөз: Nur.kz