...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда құқығынан айырылған жүргізуші BMW-дан айырылды: полиция тоқтатты

Алматыда патрульдік полиция қызметкерлері BMW көлігін тоқтатып, жүргізушінің бұрын жүргізу құқығынан айырылғанын анықтады. Осыған орай көлік айыппұл тұрағына жіберілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, патруль кезінде BMW тоқтатылып, тексеру барысында жүргізушінің жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталған. Оған қарамастан, ол қала бойынша өз көлігімен жүріп жүрген.

Көлік айыппұл тұрағына жіберіліп, іс материалдары сотқа тапсырылды.

Дереккөз: Nur.kz