
Алматы тұрғындарын демалыс күндері мен 1 маусымда күн ашық, жауын-шашынсыз ауа райы күтіп тұр. Бірақ аптаның екінші жартысында найзағайлы жаңбыр мен жел күшейеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
«Қазгидромет» РМК Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Светлана Аманқұлованың айтуынша, серуендеу мен мерекелік шаралар үшін ең қолайлы күндер — 30-31 мамыр мен 1 маусым. Алайда тауға саяхат жасаушыларға сақ болу керек: 1-2 маусымда таулы аймақтарда қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай және екпінді жел күтіледі.
«Тауға саяхат жасаушыларды ескертеміз: жексенбі мен дүйсенбіде таулы аймақтарда найзағайлы қысқа мерзімді жаңбыр мен екпінді жел болады. Абай болыңыздар!» — деді Светлана Аманқұлова.
Ыстық ауа райы ұзаққа созылмайды. 2 маусымнан бастап Алматыда қысқа мерзімді найзағайлы жаңбыр басталып, жел күшейеді, ауа температурасы біртіндеп төмендейді.
Алматыдағы ауа райы күндер бойынша:
30 мамыр: айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 3-8 м/с. Түнде +15+17°С, күндіз +29+31°С.
31 мамыр: айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 3-8 м/с. Түнде +17+19°С, күндіз +31+33°С.
1 маусым: айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан және оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с. Түнде +20+22°С, күндіз қатты ыстық +33+35°С.
2 маусым: айнымалы бұлттылық, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Жел шығыстан және оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с, күндіз екпіні 15 м/с. Түнде +20+22°С, күндіз +31+33°С.
3 маусым: айнымалы бұлттылық, таңертең және күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-шығыстан батысқа ауысады 3-8 м/с, кейде екпіні 15-18 м/с. Түнде +20+22°С, күндіз +27+29°С.
4-5 маусым: айнымалы бұлттылық, қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан және батыстан 3-8 м/с, кейде екпіні 15-18 м/с. Түнде +17+19°С, күндіз +27+29°С.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болатынын ескерткен болатын. Бұл атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты.
Дереккөз: Zakon.kz