
Алматыда №117 автобус маршрутының қозғалыс схемасы түзетілді. Өзгерістер 19 мамырдан бастап күшіне енді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Мегаполис көлік холдингінің мәліметінше, маршруттың бақылау нүктесі «Құнаев – Мақатаев» аялдамасына ауыстырылды. Өзгерістер автобустың қозғалыс схемасын жаңартумен байланысты.
Бұған дейін қалада №63 және №98 автобус маршруттары уақытша өзгертілген болатын. Бұл Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігінде жол жұмыстарына байланысты.
Дереккөз: Inalmaty.kz