Алматыда дүкенде болған жанжал кезінде қатысушылардың бірі кеуде тұсынан тесіп өтетін затпен соққы алды. Учаскелік инспектор жанжалға қатысушыларды ұстап, полиция бөлімшесіне жеткізді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бұған дейін Алматыда бір ер адам полиция жұмысына араласқаны үшін үш тәулікке қамауға алынғаны хабарланған болатын.
