
Алматыда бірқатар автобус бағыттарының қозғалыс схемасы өзгертілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Орталық, Талды, Арайлы және Үшкемпіров көшелерінің учаскелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты 19 мамырдан бастап жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін №68 маршруттың қозғалыс схемасы уақытша өзгереді.
№68 маршрут шығыс бағытта «Орталық / Жұлдыз» соңғы аялдамасынан – Сырғабеков көшесі – Шығыс көшесі – Жәңгір Хан көшесі – Бұлақты көшесі – әрі қарай схема бойынша жүреді. Кері бағытта: Бұлақты көшесі – Жәңгір Хан көшесі – Шығыс көшесі – Сырғабеков көшесі – Ахмадиев көшесі – «Орталық / Жұлдыз» соңғы аялдамасына дейін.
Қалалық Көлік холдингінің хабарлауынша, №117 маршруттың қозғалыс схемасының өзгеруіне байланысты 19 мамырдан бастап маршруттың бақылау нүктесі «Құнаев / Мақатаев» аялдамасына ауыстырылды.
Сондай-ақ қалада Жамақаев көшесінің учаскесінде орташа жөндеу аяқталғаннан кейін №70 және №124 маршруттардың бекітілген қозғалыс схемасы қалпына келтірілді.
Еске салайық, Алматыда жол жұмыстарына байланысты Жаужүрек, Аэродромная және Жамақаев көшелерінің учаскелері уақытша жабылған еді. Осыған байланысты 16 мамырдан бастап №213, №235 және №255 автобус бағыттарының қозғалыс схемасы өзгерген.
Дереккөз: Inform.kz