
3 маусымнан бастап Алматыда №83 автобус бағытының қозғалыс схемасы уақытша өзгереді. Шектеулер Теректі шағын ауданында сумен жабдықтау және кәріз тарату желілерін салу жұмыстарына байланысты енгізілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Шектеулер Айналмалы көшесінің Марток көшесінен Орталық көшесіне дейінгі учаскесінде енгізілген. Жаңа қозғалыс схемасы 3 маусымнан бастап құрылыс жұмыстары аяқталғанға дейін қолданылады.
Солтүстік бағытта №83 автобус Орталық көшесімен жүріп, Жаңа Ғасыр көшесіне шығады, Айналмалы көшесін айналып өтеді. Әрі қарай қозғалыс бекітілген бағыт бойынша жалғасады.
Кері бағытта көлік Жаңа Ғасыр және Орталық көшелерімен де Айналмалы көшесіне кірмей, негізгі бағытқа оралады.
Жолаушылардан сапарларын жоспарлау кезінде уақытша өзгерістерді ескеру сұралады.
Дереккөз: Inalmaty.kz