
Алматыда 29 мамыр, жұма күні қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі. Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында желдің жылдамдығы 18-23 м/с-қа дейін күшейеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қалалық ТЖД найзағай кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске салды. Үйде немесе ғимаратта электр сымдары мен антенналардан алыс тұру керек, терезелерді жауып, теледидар, радио және басқа электр құрылғыларын өшіріп, металл заттарға қол тигізбеу қажет.
Табиғат аясында демалушыларға: жаңбыр басталғанша шатырды мықтап бекітіп, металл заттарды (ыдыс, күрек, ара, балға, мангал) адамдардан 15-20 метр қашықтықта орналастыру керек. Шатырда отырып, найзағайды күтуге болады. Егер шатыр болмаса, жерден оқшаулану үшін полиэтилен, бұтақ немесе тас төсеп, отырып, тобықтарыңызды бүгіп, басыңызды тізеге қойып, аяқтарыңызды біріктіріп, үстіңізді полиэтиленмен жабыңыз — дымқыл дене мен киім найзағай соғу қаупін арттырады.
Ашық далада найзағайдан құрғақ шұңқырлар, арықтар немесе жыраларға тығылу керек. Бірақ олар суға толса, дереу кету қажет. Құмды және тасты топырақ сазды топырақтан қауіпсіз. Төбелерде, металл қоршаулар, электр желілерінің тіректері мен сымдарының астында тұруға болмайды.
Найзағай кезінде суға түсуге, су айдынының жанында тұруға, қайықпен жүзуге және балық аулауға болмайды. Егер суда жүрсеңіз, найзағай жақындағанда дереу жағаға шығып, судан алыстаңыз. Жағалаудағы бұталарға тығылмаңыз. Ашық жерден өту қажет болса, жүгірмей, ақырын жүріп, ұялы телефонды өшіріңіз.
«Егер найзағай сізді көлікте қалдырса, одан шықпаңыз, терезелерді жауып, антеннаны түсіріңіз», — деп ескертті ТЖД.
Дереккөз: Nur.kz