
Алматыдағы Самал-3 шағын ауданы, 21-үйдің қасбетінде КСРО халық әртісі, аңыз әнші Роза Багланованың бейнесі бейнеленген мурал пайда болды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Аудан әкімдігі 2026 жылғы 28 мамырда бұл туралы мәлімдеді. Роза Багланованың келіні Марал Багланова жасалған жұмысқа өте риза болып, жобаны іске асырғандарға алғысын білдірді.
Бұл мурал әншінің мұрасын дәріптеуге және қала келбетін көркейтуге үлес қосады, – деді Марал Багланова.
Бұған дейін Zakon.kz Алматыдағы муралдар мен граффити қала келбетін қалыптастырудағы рөлі туралы жазған болатын.
Дереккөз: Zakon.kz