...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыдағы түнгі клуб жабылды: онда жасөспірімдер болған

Медеу ауданындағы түнгі клубтардың бірін тексеру барысында заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз екі кәмелетке толмаған жасөспірімнің түнгі уақытта мекемеде болғаны анықталды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Осы факті бойынша жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік материалдар жасалды.

Сондай-ақ жеке кәсіпкер түнгі уақытта кәмелетке толмағандарды ойын-сауық мекемесіне жібергені үшін жауапкершілікке тартылды.

Сот шешімімен түнгі клубтың қызметі тоқтатылды.

2026 жылғы 26 мамырда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Қазақстанда жасөспірімдердің қайда заңды түрде жұмыс істей алатынын айтқан болатын.

Дереккөз: Zakon.kz