
Алматы тұрғындарын 28 мамырда қолайсыз ауа райы күтіп тұр, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі. «Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес, қалада жаңбыр, найзағай және желдің күшеюі күтіледі, екпіні секундына 15 метрге жетеді.
Бостандық және Медеу аудандарында күндіз бұршақ, найзағай және екпіні секундына 25 метрге дейін жететін қатты жел болжанады. ТЖД тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға шақырды — ағаштар мен әлсіз бекітілген құрылыстардың астына тығылмау, мүмкіндігінше тауға баруды шектеу және жолдарда ерекше мұқият болу.
Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда қала тұрғындары 112 нөміріне хабарласуы сұралады, — делінген хабарламада.
Дереккөз: Inalmaty.kz