...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Almaty Superski Алматының туристік әлеуетін арттырады — Арманжан Байтасов

Медиаменеджер әрі қоғам қайраткері Арманжан Байтасов Almaty Superski жобасын қолдап, оның Алматыны халықаралық тау туризмі орталығы ретінде дамытудағы маңызын атап өтті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, жобаны іске асыру қала экономикасына қосымша серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын құруға және мегаполис туристік тартымдылығын күшейтуге ықпал етеді.

Сондай-ақ Арманжан Байтасов соңғы 13 жылда жоба сарапшылар, экологтар және қоғам өкілдерінің қатысуымен ашық талқылаулардың арқасында неғұрлым жетілдірілгенін атап өтті.

«Бүгінгі жоба деңгейі шынымен әсерлі. Almaty Superski жобасын іске асыру Алматыға әлемдік тау туризмінің орталықтарының бірі болуға мүмкіндік береді», — деді ол.

Дереккөз: Almaty.tv