
Ресей президенті Владимир Путин «Казахстанская правда» газетіне жарияланған «Россия – Казахстан: союз в сердце Евразии» мақаласында екі ел арасындағы гуманитарлық байланыстар, білім саласындағы ынтымақтастық, академиялық және ғылыми алмасулар белсенді дамып жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, Ресейдің жоғары оқу орындарында, оның ішінде Қазақстандағы сегіз филиалында 60 мыңнан астам қазақстандық студент білім алуда. Келесі оқу жылына қазақстандықтар үшін үкіметтік квота саны 800 орынға дейін ұлғайтылды.
Сонымен қатар, Путиннің сөзінше, Мәскеу мемлекеттік университеті мен МГИМО-ны қоса алғанда, көптеген жетекші ресейлік университеттердің қазақстандық филиалдары табысты жұмыс істеуде. 2025 жылдың қыркүйегінде Ресейде шетелдік жоғары оқу орнының алғашқы филиалы өз қызметін бастады, және бұл Қазақстанның әл-Фараби атындағы Ұлттық университеті болды.
«Қазақстан-Сириус халықаралық мектебі мен Дарын орталығын Алматыда ашу жоспарлануда», – деп мәлімдеді Ресей президенті.
Бұған дейін Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапарының күндері белгіленген болатын.
Дереккөз: Zakon.kz