...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Әлемге әйгілі Cirque du Soleil Астана мен Алматыда өнер көрсетеді

Әлемге әйгілі Cirque du Soleil Қазақстанға оралды. «ОВО» атты ғаламат шоу әлемдік тур аясында маусым айының басында Астана мен Алматыда өтеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Әр қалада жеті қойылым көрсетіледі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қойылымдар көрермендерді шулы және жарқын жәндіктердің фантастикалық микрәлеміне батырады. Бүгіннен бастап топ күрделі жаттығулар мен кеңістікті жабдықтауға кіріседі. Ұйымдастырушылар бұл цирктің ЭКСПО-2017 аясында Астанада өнер көрсеткеннен кейінгі Орталық Азиядағы алғашқы ресми гастролі екенін атап өтті.

«Техникалық команда, шеберлер, аспаздар, инженерлер келеді, олар құрылымдардың қауіпсіздігін тексереді, бүкіл сахнаны ұйымдастырады. Біз екі жүк ұшағынан астам техникалық жабдықты әкелеміз – әртістер пайдаланатын асүйден бастап, әртістердің өнер көрсетуін залдың кез келген нүктесінен толық көруге мүмкіндік беретіндей етіп салынған сахнаға дейін», – деді ұйымдастырушы Виктория Торгунакова.

Дереккөз: Almaty.tv