
Алматыда Жақсылық Үшкемпіров көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
26 мамыр сағат 23:00-ден 27 мамыр сағат 06:00-ге дейін Әл-Фараби даңғылынан 5-ші көшеге дейінгі учаскеде жол жабылады. Сондай-ақ, 28 мамыр сағат 23:00-ден 29 мамыр сағат 06:00-ге дейін де сол учаскеде қозғалыс шектеледі.
Жөнделіп жатқан учаскелерде ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген стендтер орнатылады.
Алматы әкімдігі жүргізушілерді маршруттарын алдын ала жоспарлауға шақырады.
Еске сала кетейік, 21 мамырдан 31 шілдеге дейін Алматының Әуезов ауданындағы Рәбиға Сыздық көшесінің бір бөлігінде қозғалыс шектелген.
Дереккөз: Inform.kz