...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматы мен Измир арасында тікелей рейс ашылады: қашан және қанша рет

2026 жылдың 31 шілдесінен бастап Измир мен Алматы арасында тікелей әуе рейстері іске қосылады. Жаңа бағытты SunExpress әуекомпаниясы Қазақстанның Измирдегі Бас консулдығымен жүргізген келіссөздер қорытындысы бойынша орындайды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Измир – Алматы – Измир бағыты бойынша рейстер аптасына екі рет орындалып, 2026 жылдың қазан айының соңына дейін жалғасады. Тікелей әуе қатынасының ашылуы Қазақстан азаматтары, туристер, студенттер және бизнес өкілдері үшін сапарларды жеңілдетеді.

Дереккөз: Inalmaty.kz