...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматы әуежайына кіру уақытша өзгерді: жаңа схема және байланыс нөмірі

Алматы әуежайына кіру схемасы уақытша өзгерді. Себебі — Майлин көшесі жағынан негізгі кіру тобын қайта жаңарту жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Уақытша схема бойынша, әуежай аумағына кіру Ахметов көшесімен «Ақсұңқар» қонақ үйінің қарама-қарсысындағы үш кіреберіс арқылы жүзеге асырылады. Шығу бұрынғысынша — Майлин көшесіне.

Жолаушылар мен күтіп алушылардан келу уақытын алдын ала жоспарлау сұралады, себебі әуежайға кірер жолда қарбалас уақытта кептеліс болуы мүмкін.

— Кіру кезінде сұрақтар немесе қиындықтар туындаса, +7 777 009 90 68 нөміріне хабарласуға болады. Орынның өзінде арнайы киімдегі әуежай қызметкерлері көмек көрсетеді, — делінген әуежай баспасөз қызметінің хабарламасында.

Халықаралық Алматы әуежайының мәліметінше, жұмыстар инфрақұрылымды жақсарту және жолаушылар мен қонақтарға қолайлылықты арттыру мақсатында жүргізілуде.

Еске сала кетейік, 21 мамырдан бастап Астана әуежайының аумағында вокзал алаңы мен кіреберіс жолдарда асфальт жабынын жаңарту жұмыстары басталған еді.

Дереккөз: Inform.kz