
Алматыда 17 желтоқсан 2025 жылы екі қыз арасында жанжал болып, ол төбелеске ұласқан. Зардап шеккен қыздың айтуынша, оны құрбысы ұрып-соғып, тұншықтырып, күшпен ұстаған. Даудың себебі — тазалық сақтау туралы қарапайым өтініш, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі оқиғаны растады, алайда екі жақтың да әрекеттеріне құқықтық баға берілетінін атап өтті. Себебі төбелес кезінде екі қыз да дене жарақатын алған.
Тергеу барысында екі қыз арасында жеке басқа қатысты жағымсыз қарым-қатынас салдарынан жанжал шығып, ол төбелеске ұласқаны анықталды. Дене жарақатын келтіру фактілері бойынша Қылмыстық кодекстің 108-1-бабы (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Прокуратура әлеуметтік желілерде тараған жанжалдың бір жағына қамқорлық көрсетілуі мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды. Қадағалау органы қатысушылардың туыстық немесе қызметтік байланыстары маңызды емес екенін атап өтті.
Дереккөз: Zakon.kz