
Алматыдағы Бас ботаникалық бақта нимфеялар (су лалагүлдері) гүлдей бастады. Бұл ерекше гүлдер таңертең күнге қарай ашылып, кешке қайта су астына жасырынады. Бақ әкімшілігі келушілерге қатаң ереже енгізді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Нимфеялар үлкен гүлдері мен жүзбелі жапырақтарымен бақтың су қоймаларын безендіреді. Бұл таңғажайып өсімдіктер таңертең күнге қарай ашылып, кешке қайта су астына жасырынады.
Нимфеялардың гүлдеуі жаз бойы жалғасып, нағыз ертегідей әсер сыйлайды, – деп атап өтті бақ қызметкерлері.
Сонымен қатар, бақ әкімшілігі келушілерге гүлдерді қорғау үшін ережелерді сақтауды ұсынады.
Дереккөз: Zakon.kz