...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматылықтарды таңғалдырған емхана: бір дәлізде 15 бейнекамера

Алматы тұрғындары қалалық емханалардың бірінде бейнебақылау камераларының тым көп орнатылғанын байқап, әлеуметтік желіде видео жариялады. Кадрларда бір ғана дәлізде кемінде 15 камера тұрғаны көрінеді, олардың кейбірі бір-біріне өте жақын орналасқан, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Instagram-дағы almatinec_live парақшасында жарияланған видеода автор: «Қарапайым аудандық емханаға неге сонша бейнебақылау камерасы керек?» деп сұрақ қояды.

Бұл жарияланымға Алмалы ауданының «Центр ПМСП» КМК-да түсінік берді. Мекеме өкілдерінің айтуынша, бейнебақылау жүйесі кезең-кезеңімен, әр жылдары әртүрлі ұйымдармен тек пациенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ішкі тәртіпті сақтау және нысанның терроризмге қарсы қорғанысын күшейту мақсатында орнатылған.

2019 жылы емхананың өз қаражаты есебінен алғаш рет 29 бейнебақылау камерасы сатып алынып, орнатылды, себебі бұған дейін мекемеде бейнебақылау мүлдем болмаған. Емхананың ауданы 1100 шаршы метрді құрайды және күнделікті келушілер саны жоғары, сондықтан камера орнату ішкі бақылау мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қажетті шарасы болды. Бұл камералар емхананың балансында тұр және тек тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау үшін пайдаланылады, — деп түсіндірді медицина қызметкерлері.

Сонымен қатар, 2022 жылғы 12 желтоқсанда «Күзет» ЖШС келісімшарттық міндеттемелерін орындау аясында нысанды күзету және терроризмге қарсы қорғау үшін тағы 8 бейнебақылау камерасын орнатқан. Бұл жүйе күзет ұйымының жеке жүйесі болып табылады, автономды жұмыс істейді, ал бейнежазбалар мен мұрағатқа тек күзет ұйымының ғана қолжетімділігі бар. Емхананың бұл деректерге қолжетімділігі жоқ.

Дереккөз: Nur.kz