...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда нөсер, Астанада аяз, Шымкентте +27°С: 23-25 мамырға ауа райы болжамы

23-25 мамыр аралығында Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады: кей өңірде жаңбыр мен найзағай, енді бір жерде аяз бен ыстық күтіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Астанада 23 мамырда түнде жауын-шашынсыз, ауа температурасы +3+5°С, топырақ бетінде -1°С аяз, күндіз +21+23°С. 24 мамырда жаңбыр, найзағай, жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с, түнде +11+13°С, күндіз +23+25°С. 25 мамырда жауын-шашынсыз, түнде +11+13°С, күндіз +26+28°С.

Алматыда 23 мамырда түнде қатты жаңбыр, найзағай, жел солтүстік-шығыстан 5-10 м/с, түнде +8+10°С, күндіз +16+18°С. 24 мамырда жауын-шашынсыз, түнде +8+10°С, күндіз +20+22°С. 25 мамырда да жауын-шашынсыз, түнде +10+12°С, күндіз +21+23°С.

Шымкентте 23 мамырда түнде жаңбыр, найзағай, екпінді жел 15-20 м/с, түнде +14+16°С, күндіз +25+27°С. 24 мамырда күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, түнде +13+15°С, күндіз +23+25°С. 25 мамырда да күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, түнде +14+16°С, күндіз +24+26°С.

Дереккөз: Zakon.kz