...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда жол салу үшін 10 жер телімі мәжбүрлеп алынады

Алматыда жол салу үшін тағы бірнеше жер телімі мәжбүрлеп алынады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қала әкімдігі Алатау ауданындағы 10 жер телімін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы қаулы қабылдады. 2026 жылғы 20 мамырдағы № 2/195-672 қаулыға сәйкес, Тілендиев көшесін ұзарту үшін «Дархан» шағын ауданындағы Тайқазан көшесі, 8/1 мекенжайында орналасқан 0,0436 га жер телімі алынады.

Тағы бір № 2/195-673 қаулысымен «Мәдениет» шағын ауданындағы 9 жер телімі жаңа жолдар салу үшін алынады. Жалпы ауданы — 0,2192 га.

Жерді мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін белгіленген. Жер қатынастары басқармасы заңға сәйкес иелеріне өтемақы төлейді. Сатып алынған жерлер жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының балансына беріледі.

Бұған дейін Тілендиев көшесін Рысқұлов даңғылынан қала шекарасына дейін ұзарту үшін Алатау ауданында 92 жер телімі алынатыны хабарланған. Ожет шағын ауданының тұрғындары сатып алынатын мүліктің бағалау құнына келіспейтінін білдірген. Сондай-ақ көпшіліктің жер телімдеріне немесе құрылыстарға құқық белгілейтін құжаттары жоқ.

Сонымен қатар, «Пионер» инклюзивті тау курортының жерлерін канатты жол салу үшін алу туралы әкімдік қаулысы да дау тудырды.

Дереккөз: Inform.kz