...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алты өңір мен Алматыны қамтыған қаржы пирамидасы: АФМ тергеу жүргізіп жатыр

Қаржылық мониторинг агенттігі (АФМ) Жамбыл облысы бойынша департаменті «ENVIDA AI» атты қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық іс тергеп жатыр, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Тергеу мәліметінше, жоба ұйымдастырушылары WhatsApp мессенджерінде «Envida ai ежедневный пассивный доход» және «Envida ai супер новый проект ежедневный пассивный доход» деп аталатын топтар құрып, азаматтарды тартып, тұрақты жоғары табыс уәде еткен.

Агенттіктің ресми Telegram-арнасында хабарланғандай, жобаның маркетингтік моделі көп деңгейлі жүйеге негізделген, мұнда негізгі табыс жаңа салымшыларды тарту есебінен қалыптасқан. Жоба өзін халықаралық экожүйе ретінде таныстырып, нақты активтерге инвестиция салатынын мәлімдеген.

Нәтижесінде пирамидаға 370-тен астам салымшы тартылған. Қатысушылар географиясы еліміздің алты өңірін: Жамбыл, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Павлодар және Түркістан облыстарын, сондай-ақ Алматы қаласын қамтыған.

Тергеу жалғасуда. Қалған ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Дереккөз: Nur.kz