
Тянь-Шань қоңыр аюы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында бейнекамераға түсіп қалды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Ұлттық парк мамандары фотокақпандардың көмегімен Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген тянь-шань қоңыр аюының тұрақты қозғалыс бағытын анықтап, тағы бір маңызды мониторинг нүктесін белгіледі.
Түсірілімдерде жыртқыштың өмірінен бірегей сәттер көрініс тапты.
Бейнежазбаларда аюлардың арқасымен және бүйірімен ағаштарға үйкеліп жүргенін байқауға болады. Бұл – олардың өз аумағын белгілеу тәсілдерінің бірі, – деп атап өтті мамандар.
Ұлттық паркте бұл кадрлар аюлардың табиғи мекендеу ортасындағы мінез-құлқы мен тіршілігі туралы құнды ақпарат беретінін айтты.
Бұған дейін Жетісу ұлттық паркінде аю үйдің есігін бұзып кірмек болған еді – жыртқыш зақымдаған есіктің кадрлары жарияланған болатын. Жоңғар-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде тянь-шань қоңыр аюының пайда болуына түсініктеме берген еді.
Дереккөз: Nur.kz