...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда 25 жастағы жігіт із-түзсіз жоғалып кетті

Алматыда 25 жастағы Ерзат Егізбай 19 мамыр 2026 жылы күндіз Райымбек даңғылындағы (147Б үйінің маңы) құрылыс нысанынан шығып, із-түзсіз жоғалды. Оның туған інісі полицияға арызданған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Інісінің айтуынша, Ерзаттың соңғы рет ұялы телефоны Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданында (Іссік дачалары, «Көксай» бақ қоғамы) тіркелген. Ол бұрын ешқашан ескертусіз үйден кетпеген, арнайы есепте тұрмаған, қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған және бес уақыт намазын қатаң орындайды.

22 мамыр 2026 жылға дейін оның орны белгісіз болып отыр. «LIDER.KZ» Алматы және Алматы облысы волонтерлері хабарлағандай, криминалдық полиция Құқық қорғау және арнаулы органдардың ақпарат алмасу жүйесінің (СИОПиСО РК) деректерін тексерген.

Анықталғандай, Ерзат Егізбай Қазақстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өтпеген, ХҚКО-ға жүгінбеген, Жазатайым оқиғаларды тіркеу бюросының (БНС) есебінде жоқ. Алматыдағы медициналық мекемелер, жедел жәрдем қызметтері мен моргтерді жедел тексеру де нәтиже бермеді.

Мамыр айының басында Ақтауда 42 жастағы Александр Друздев жұмбақ жағдайда жоғалғаны хабарланған еді. Ол әпкесіне оғаш қоңырау шауып, Жаңаөзенге қарай жол тартқан соң байланысқа шықпай қойған.

Дереккөз: Zakon.kz