
22 мамырда Алматыда қатты жаңбыр жауады деп күтілуде. Күндіз ауа температурасы +19 градусқа дейін көтеріліп, түнде +14 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 3,3 м/с болады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Астана тұрғындарына ашық аспан уәде етілді. Күндіз ауа +14 градусқа дейін жылынса, түнде +1 градусқа дейін суытады. Жел жылдамдығы – 5,5 м/с.
Шымкентте бүгін аздаған жаңбыр күтіледі. Күндіз термометр бағандары +23 градусқа дейін көтеріліп, түнде +14 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 6,6 м/с деңгейінде болады.
Дереккөз: Nur.kz