
Алматыда мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтендіру және жұмысқа орналастыру үшін мемлекеттік қолдау шаралары белсенді дамып, ауқымы кеңейіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қазіргі уақытта отандық жұмыс берушілер үшін арнайы заңнамалық квоталар қарастырылған, бейімделген жұмыс орындары ашылып, жұмыс орындарын субсидиялау және кәсіби сүйемелдеу бағдарламалары сәтті жұмыс істеуде. Бұл тетіктердің тиімділігі мен ерекше қажеттіліктері бар жұмыс іздеушілердің кездесетін қиындықтары туралы «Алматы» телеарнасының тікелей эфирінде Алматы қаласы «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ директорының орынбасары Әділет Жаңабаев айтып берді.
Дереккөз: Almaty.tv