...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда 6-қабаттан құлағалы тұрған 5 жасар баланы құтқару сәті видеоға түсті

Алматыда құтқарушылар 5 жасар баланың 6-қабаттан құлауының алдын алды. Бала пәтерде жалғыз болған, ата-анасы үйде болмаған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алатау ауданының Мәдениет шағын ауданындағы алты қабатты тұрғын үйдің 6-қабатындағы пәтердің терезесінен баланың құлау қаупі туындаған. Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, автокөтергіш көмегімен ашық терезе алдында тұрған баланы алып шыққан. Пәтердің есігі құлыптаулы болған, ал ата-анасы үйде болмаған.

Құтқарылған бала шамамен 5 жаста, ол полиция қызметкерлеріне тапсырылды, — деп мәлімдеді қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Дереккөз: Nur.kz