...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда алтыншы қабаттан құлай жаздаған бала: видео

Алматыда алтыншы қабаттағы терезеден құлай жаздаған кішкентай баланы құтқарушылар аман алып қалды. Оқиға 21 мамыр күні сағат 19:17-де Алатау ауданының Мәдениет шағын ауданындағы көпқабатты үйде болды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Құтқару пультіне куәгерлерден хабарлама түскен. Олардың айтуынша, көпқабатты үйдің терезесінде кішкентай бала тұрған. Оқиға орнына шұғыл түрде өрт сөндірушілер, Құтқару қызметінің қызметкерлері, жедел жәрдем бригадасы және Апаттар медицинасы орталығының мамандары жіберілді.

Құтқарушылар келгенде, 4-5 жасар бала ересектердің қарауынсыз жабық пәтерде жалғыз қалғаны анықталды. Қызметкерлер лезде құтқару операциясын бастады. Өрт автокөтергішінің көмегімен баланы алтыншы қабаттан аман-есен түсіріп алды.

ТЖД мамандандырылған №19 өрт сөндіру бөлімінің бірінші кезекші қарауылының қызметкерлерінің кәсіби және үйлесімді әрекеттерін атап өтті. Баланы құтқаруға азаматтық қорғау органдарында алты жыл қызмет еткен аға өрт сөндіруші Сұлтан Нұрпейісов және 2016 жылдан бері азаматтық қорғау жүйесінде жұмыс істейтін өрт автокөтергішінің аға нұсқаушысы Дәулет Кенже қатысты.

Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында қайғылы оқиғаның алды алынды. Бұған дейін Талдықорғанда жасөспірімнің көпірден құлап кетуінің алдын алған болатын.

Дереккөз: Zakon.kz