...
... Алматы
USD
EUR
RUB

22-24 мамырда Астана, Алматы және Шымкентте жаңбырлы жылы ауа райы күтіледі

Синоптиктердің мәліметінше, 22-24 мамыр аралығында Астана, Алматы және Шымкентте жаңбырлы, бірақ жылы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Астана
22 мамыр: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде +2°С, жер бетінде 2°С аяз, күндіз +13+15°С.
23 мамыр: айнымалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай. Желдің екпіні секундына 20 метрге жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +20+22°С.
24 мамыр: айнымалы бұлтты, уақытша жаңбыр, найзағай. Жел – секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +23+25°С.

Алматы
22 мамыр: айнымалы бұлтты, жаңбыр, найзағай, түнде уақытша қатты жаңбыр. Желдің екпіні секундына 18 метр. Ауа температурасы түнде +14+16°С, күндіз +20+22°С.
23 мамыр: айнымалы бұлтты, уақытша жаңбыр, найзағай. Жел – секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +16+18°С.
24 мамыр: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 10 метрге дейін көтеріледі. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +19+21°С.

Шымкент
22 мамыр: айнымалы бұлтты, уақытша жаңбыр, найзағай, құйын. Желдің екпіні – секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +16+18°С, күндіз +25+27°С.
23 мамыр: айнымалы бұлтты, уақытша жаңбыр, найзағай. Жел – секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +23+25°С.
24 мамыр: айнымалы бұлтты, уақытша жаңбыр, найзағай. Жел секундына 13 метрге дейін көтеріледі. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +22+24°С.

Дереккөз: Zakon.kz