
Алматы полициясы түлектердің қауіпті «кортеждерінен» бас тартуға шақырып, ата-аналарды шұғыл араласуға үндеп отыр, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Алматы қалалық Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ногайбаевтың айтуынша, бұл күндері балалардың қауіпсіздігі мен құқық бұзушылықтың алдын алуға ерекше назар аударылады.
Полицейдің сөзінше, жасөспірімдер әсерлі видео түсіру үшін жол қозғалысы ережелерін бұзған кезде, бұл қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.
Полиция балалардың қауіпсіздігі – ең басты мақсат екенін айтып, күш біріктіруге шақырады. Бұған дейін Қазақстанның батысында үйлену тойы кортежіне қатысушылар 20-дан астам құқық бұзушылық жасағаны хабарланған болатын.
Дереккөз: Zakon.kz