
Алматы полициясы 53 жастағы әйелдің қаладағы жеке клиникалардың бірінде қайтыс болу фактісін тергеп жатыр, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қазақстандық блогер Сауле Базархан Алматыдағы медициналық мекемелердің бірінде қайтыс болды. Полиция департаментінің хабарлауынша, Бостандық ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында бірқатар тергеу шаралары жүргізілуде. Олардың нәтижесі бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.
Полиция істің басқа мәліметтерін ҚР ҚПК-нің 201-бабына (сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол берілмейтіндігі) сілтеме жасап, жарияламайды.
Дереккөз: Inalmaty.kz