
20 мамырда «Алматы Су» мекемесі ірі аудандарда судың уақытша өшірілетінін хабарлады. Шектеулер Бостандық ауданындағы тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға қатысты: әл-Фараби даңғылы – Жароков көшесі – Левитан көшесі – Үлкен Алматы өзені аралығындағы контур, Қазақфильм шағын ауданы, Нұр-Алатау шағын ауданы және Бағанашыл-1,2 шағын аудандары, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қосымша ақпаратты 274-66-66 телефоны арқылы білуге болады. Бұған дейін Zakon.kz алматылық бір оқушы қыздың ауадан ауыз су алу әзірлемесін таныстырғанын жазған еді.
Дереккөз: Zakon.kz